Көкөністерге бай кезеңде күздің берген сыйларын елемеу дұрыс емес. Көкөністер мен жемістерді тамаққа қосып, күзде жақындарыңызды тамақтың түрлілігімен қуантуға болады. Бүгін кәдіден оңай жасалатын құймақтарды әзірлейік.
| Құрамы:
| |
| Кәдіні жуып, қаласаңыз, қабығын ашып, үккіштен өткіземіз. | |
| Үгітілген кәдіге жұмыртқа, тұз бен бұрыш қосып араластырыңыз. | |
| Ұн, ұнтақ жармасын қамыр қопсытқышымен араластырып, кәдіге қосамыз. | |
| Ұнды кәдімен араластырып, қою емес қамыр жасаймыз. | |
| Табаға майды қыздырып, кәді құймақтарын ас қасықпен салып қуырыңыз. | |
| Құймақтарды екінші жағынан да қуыруды ұмытпаңыз. | |
| Кәді құймақтары дайын! Тұздықты дайындау үшін, майонезді не қаймақты майдаланған сарымсақпен араластырыңыз. |
Астарыңыз дәмді болсын!
Ас үйде болған: Сания Аринова
С. А