Лаваштан дайындалатын ыстық рулеттер пеште пісіріледі. Оны майға қуыруға да болады. Бұл тіскебасар өте дәмді әрі тойымды болып шығады. Оны таңғы асқа немесе кешкі шайға ыстық күйінде ұсынуға болады. 6 тіскебасарға қажетті азық-түлік: - 3 лаваш;- 1 қызанақ;- 200 г шұжық;- 200 г ірімшік;- аскөк;- 2-3 ас қасық майонез;- 1 жұмыртқа. Шұжықты төртбұрышты етіп тураймыз. Ірімшікті үккіштен өткіземіз. Қызанақты төртбұрышты етіп тураймыз. Аскөкті ұсақтап тураймыз. Лаваштың жартысына алдымен жұқа етіп майонез жағып, содан соң аз-аздан жоғарыда туралған ингредиенттерді саламыз. Салындысы бар лавашты алдымен бүктеп, содан кейін рулет етіп ораймыз. Оралған лавашты пештің ыдысына салып, үстіне жұмыртқа жағып, күнжіт себуге болады. Оны 180-200 градуста қыздырылған пеште 15-20 минут ұстаған жеткілікті. Дәмді тіскебасар дайын!