- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: "Жұмбақ"...
Массагеттен мәзір: "Жұмбақ" салаты
"Жұмбақ" салаты деп аталуының себебі – салаттың дәмін көрген қонақтарыңыз құрамына не қосқаныңызды біле алмайды. Төменде бұл ерекше салаттың жасалуын ұсынамыз.
Қажетті азық-түліктер:
- 400 г бауыр;
- 1 сәбіз;
- 1 пияз;
- 3 жұмыртқа;
- 1 ас қасық ұн;
- 2-3 тұздалған қияр;
- 1 сарымсақ;
- 2 ас қасық майонез;
- тұз.
Бауырды ұзынша етіп турап, қызып тұрған майға 10 минут шамасында қуырып аласыз. Аздап тұз қосып жіберіңіз.
Пиязды тазартып, жіңішке етіп турап, майға қуырасыз.
Сәбізді де қабығынан тазартып, үккіштен өткізіп, майға қуырасыз.
Тұздалған қиярды ұзынша етіп турайсыз.
Сарымсақты барынша ұсақтап турайсыз.
Жұмыртқаны шанышқымен жақсылап араластырып алыңыз. Содан соң оған ұн қосып, тағы да араластырасыз. Дайын сұйықтықты құймақ пісіретін табаға ожаумен құю арқылы екі жағын аударып, омлет дайындайсыз.
Дайын омлеттерді суреттегідей орайсыз.
Оны жіңішке етіп турап шығасыз.
Барлық ингредиенттерді майонезбен араластыру керек. Егер тұзы аз болса, қосымша тұздап жіберіңіз.
Салат дайын! Астарыңыз дәмді болсын!
А. Жапатова