Массагеттен Мәзір: Жеңіл салат

Салатты мерекелік дастарханның бөлігі деп білеміз. Алайда кез келген ас үйде бар болатын тағамдардан қарапайым салат жаcап, отбасыңызды жеңіл кешкі аспен қуантыңыз.

Құрамы:

2 сәбіз; 2-3 картоп; 2 жұмыртқа; майонез, тұз; Картоп пен сәбізді суда пісіріп алыңыз. Піскен жұмыртқаны екіге бөліп, тәрелкеге жайғастырыңыз. Тұздап, майонез жағып, үстінен картопты үккіштен өткізіңіз. Тағы тұздап, майонез жағыңыз. Соңғы қабат - сәбіз болмақ. Салат дайын.

Дайындаған: Сания Аринова