Массагеттен мәзір: Жеміс бәліші

Массагеттің мәзірлер топтамасына тағы да бір жасалуы оңай, тез пісетін, аса көп азық-түлікті қажет етпейтін бәліш қосылды. Осындай тәттімен отбасыңызды қуантып көріңіз.

Құрамы:

3 жұмыртқа; 70 г сары май не маргарин; 200 г қант; 180-200 г айран; 250-270 г ұн; 2-2,5 шай қасық қамыр қопартқышы; кез келген жидек. Жұмыртқаларды миксер не блендердің көмегімен қантпен көбіктіріп араластырамыз. Айран мен жібітілген майды қосамыз. Қамыр қопартқышымен алдын ала араластырылған ұнды қосамыз. Бәліштің қамыры қою болу керек. Пісіретін пішінге май жағып, қамырды құямыз. Үстінен қантпен араласқан жидектерді жайғастырамыз. Басты ереже – олар салмағымен бәліштің көтерілуіне кедергі болмауы керек. Пісіру пешіне 170-180 градусқа 1 сағатқа қоямыз.
 

Дайындаған: Сания Аринова