- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Жеміс...
Массагеттен мәзір: Жеміс бәліші
Массагеттің мәзірлер топтамасына тағы да бір жасалуы оңай, тез пісетін, аса көп азық-түлікті қажет етпейтін бәліш қосылды. Осындай тәттімен отбасыңызды қуантып көріңіз.
Құрамы:
| |
Жұмыртқаларды миксер не блендердің көмегімен қантпен көбіктіріп араластырамыз. | |
Айран мен жібітілген майды қосамыз. | |
Қамыр қопартқышымен алдын ала араластырылған ұнды қосамыз. Бәліштің қамыры қою болу керек. | |
Пісіретін пішінге май жағып, қамырды құямыз. | |
Үстінен қантпен араласқан жидектерді жайғастырамыз. Басты ереже – олар салмағымен бәліштің көтерілуіне кедергі болмауы керек. | |
Пісіру пешіне 170-180 градусқа 1 сағатқа қоямыз. | |
Дайындаған: Сания Аринова
С. А