Массагеттен мәзір: Жасымықтан әзірленген карри

Карри – дәстүрлі үнді дәмдеуіші. Оны күрішке, тауық етіне қосу арқылы керемет дәмді, хош иісті тағамдар әзірлейді. Бүгін біз қарапайым, әрі өте оңай жасымықтан жасалынған карри тағамын дайындаймыз. Жасымық өте тойымды бұршақ болғандықтан, бұл тағамды етсіз әзірлеуге болады. Мәзірге қалауыңызша үккіштен өткізілген сәбіз қосып көріңіз.

Құрамы:

1 стақан жасымық; 1/2 пияз; 1 шай қасық томат пастасы; 1 ас қасық кари ұнтағы; 1/2 шай қасық даршын ұнтағы; 1 сарымсақ; сұйық май; тұз. Пиязды майдалап, қызған майға қуырыңыз. Пиязға карри мен даршын ұнтақтарын қосып, тағы бірнеше минут қуырамыз. Қуырылған пиязға томат пастасын қосамыз. Жасымықты жуып, қажет болса, алдын ала бірнеше сағатқа суға бұқтырып қойыңыз. Артынан суға пісіреміз. Піскен жасымықты қуырылған пиязға қосып, тағы да бірнеше минут отта ұстаңыз. Жасымықтан әзірленген карри дайын. Бұл тағамды гарнир ретінде де, бөлек тағам ретінде де ұсынуға болады.

Ас үйде болған: Сания Аринова