Массагеттен мәзір: Жасымық сорпасы

Массагеттен мәзір: Жасымық сорпасы
Фото: massaget.kz

Қызыл жасымық сорпасы – өте пайдалы әрі дәмді тағам. Жасымықтан крем-сорпаның дайындалуын ұсынған болатынбыз. Бүгін жылдам дайындалатын жасымық сорпасының рецептісін ұсынамыз. 

Қажетті азық-түлік:

– 1 пияз;
– 1 сәбіз;
– тауық еті;
– 3-4 саңырауқұлақ (міндетті емес);
– 1 қызанақ;
– 1 шай кесе қызыл жасымық (чечевица);
– 4-5 стақан қайнаған су;
– тұз, қара бұрыш.

Пиязды ұсақтап тураймыз.

Тауық етін орташа етіп тураймыз.

Саңырауқұлақты жарты сақина етіп тураймыз.

Сәбізді үккіштен өткіземіз.

Қызанақты жарты сақина етіп тураймыз.

Қазанға немесе кәстрөлге аздап май құйып, тауық етін қуырамыз. Оған аздап тұз бен қара бұрыш қосып, араластырамыз.

Оған пияз, саңырауқұлақ және қызанақты саламыз.

Содан соң сәбізді саламыз.

Барлығын 10 минуттай орташа отта қуырамыз. 

Содан соң су құямыз. Дәмін тексеріп, қалауыңызша тұз және басқа да дәмдеуіштер қосуға болады.

Жасымықты жуып, сорпаға саламыз. Жасымықтың езілгені оның дайын болғанын көрсетеді.


Жасымық сорпасы дайын!

А. Жапатова