- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Жаңғақты...
Массагеттен мәзір: Жаңғақты печенье
Жылдам әрі оңай дайындалатын печенье пісіру – көп күш жұмсамай-ақ жақындарыңызды қуантудың бір әдісі. Сонымен қатар, бұл рецепт әртүрлі тәжірибе жасап көруге мүмкіндік береді: кез келген өзіңізге ұнайтын жаңғақ қолдануға және шоколад, кептіріліген жидек қосуға болады. Оны дайындау оңай болғандықтан, печенье пісіру процесіне балаларыңызды да қосуға болады.
Қажетті азық-түліктер:
- 100 г кілегей майы;
- 100 г қант;
- 2 жұмыртқа;
- 180-200 г ұн;
- 80 г кез келген жаңғақ;
- 80 г шоколад;
Бөлме температурасындағы жұмсақ маргаринге қант салып, миксермен араластырамыз.
Оған жұмыртқаны салып, тағы да миксермен араластырамыз.
Содан соң ұнды елеуіштен өткізіп саламыз. Барлығын қасықпен араластырамыз.
Жаңғақпен шоколадты ұсақтап тураймыз.
Барлығын араластырамыз.
Противеньге пергамент қағаз жайып, 1 ас қасықпен қамырды салып шығамыз. Печенье 180 градуста қыздырылған пеште 20 минут піседі. Олардың күйіп кетпеуін тексеріп тұрыңыз.
Печенье дайын!
А. Жапатова