"Инсолито" сөзі итальян тілінен аударғанда ерекше деген мағынаны білдіреді. Дастарқанның көркін келтіретін әдемі әрі дәмді "инсолито" салатын дайындау жолын ұсынамыз.
Қажетті азық-түліктер:
- 2 алма;
- 1 кішілеу пияз;
- грек жаңғағы;
- 50 гр ірімшік;
- 1 піспеген кішілеу қызылша;
- 2 ас қасық қаймақ;
- тұз.
2 алманы аламыз.
Суреттегідей етіп екі бөлікке бөлеміз.
Алманың сыртқы қабығын қасықпен немесе пышақпен тазартып аламыз.
Алманың ішін турап, ыдысқа саламыз.
1 кішілеу пиязды ұсақтап тураймыз.
Грек жаңғағын ұсақтаймыз.
Ірімшікті үккіштің ірі көзінен өткіземіз.
Шикі қызылшаны да үккіштің ірі көзінен өткіземіз.
Барлығына аздап тұз салып, қаймақпен араластырамыз.
"Инсолито" салаты дайын! Ас болсын!