Қонақтарыңызды тәтті әрі ерекше тағаммен қуантуды жоспарласаңыз, "Инь-Ян" салатын дайындап көріңіз.
Инь-Ян салатын дайындауға қажетті азық-түліктер:
- 300 гр тауық еті;
- 2 қияр;
- 3 асқан жұмыртқа;
- 300 гр ірімшік;
- 200 гр қара өрік;
- майонез.
1. Тауықтың етін тураймыз.
2. Туралған тауық етін тәрелкеге салып, үстіне тор етіп майонез жағамыз.
3. Қиярды ұзынша етіп тураймыз.
4. Тәрелкеге туралған қиярымызды қоямыз.
5. Қиярдың үстіне тор етіп майонез жағамыз.
6. Жұмыртқаның сарыуызын үккіштен өткіземіз.
7. Жұмыртқаның сарыуызын тәрелкеге қоямыз.
8. Ірімшікті де үккіштен өткіземіз.
9. Үккіштен өткізілген ірімшігімізді тәрелкеге қоямыз.
10. Майонез жағамыз.
11. Жұмыртқаның ақуызын ірілеп тураймыз.
12. Қара өрікті ұсақтап тураймыз.
13. Суретте көрсетілгендей жұмыртқаның ақуызы мен қара өріктен екі дөңгелек жасап қоямыз.
14. Қалған жерін де суретте көрсетілгендей Инь-Ян белгісіне ұқсатып безендіреміз.
15. Жоғарыда көрсетілген қажет азық-түліктер тізімі екі тәрелкеге есептелген. Инь-Ян салаты дайын.
Ас болсын!