«Гүл толы себет» салаты дастарханның сәнін кіргізеді. Ерекше құрамының арқасында өте тойымды. Ол үлкендерге ғана емес, балаларға да ұнайтыны анық.
Салатты дайындау үшін:
- 2 сәбіз;
- 4 картоп;
- 1 бума көк пияз;
- тұз;
- 400 мл майонез;
- 1 қызанақ;
- 5 жұмыртқа;
- 200 грамм ет;
- қара бұрыш;
- сүзбе ірімшік қажет.
1. Етті майдалап тураймыз.
2. Суға пісірілген жұмыртқамыздың төртеуін үккіштен өткіземіз.
3. Сүзбе ірімшікті төртбұрыштап тураймыз.
4. Көк пиязды да тураймыз.
5. Картопты үккіштен өткіземіз.
6. Үккіштен өткізген картоптың үстіне майонез жағып, ет саламыз. Тұз себеміз.
7. Еттің үстіне майонез жағамыз.
8. Көк пиязды үстіне саламыз.
9. Артынша көк пияздың үстіне үккіштен өткен сәбізді саламыз.
10. Салатты үккіштен өткізілген жұмыртқамен көмкереміз.
11. Артынша салаттың келесі қабатын майонезбен көмкереміз.
12. Қызанақ қабығы мен жұмыртқадан гүл, сүзбе ірімшіктен себет жасаймыз. Мәзіріміз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Сурет: Massaget.kz