Голубцы – қырыққабат жапырағына орап пісірілген турама ет. Ұсақтап туралған ет пен пісірілген күрішті араластырып, қырыққабат жапырағына орап буға пісіретін ас. Бұл тағам Әзербайжан, Армения, Молдавия, Ресей, Украина елдерінде кең таралған.
Құрамы:
- 500 гр туралған ет (фарш);
- 0,5-1 стакан күріш;
- 1 дана қырыққабат;
- 1 дана сәбіз;
- 1-2 дана пияз;
- 2-3 дана картоп;
- қызанақ, тұз, бұрыш, аскөк.
Дайындалуы:
![]() | Күрішті шала пісіріп алып, туралған етке қосамыз. Оған ұсақталған пияз, тұз бен бұрыш қосып салманы әзірлейміз. |
![]() | Қырыққабат түбінің әр жерінен пышақпен сәл ғана кесіп, ыстық суға салып қайнатамыз. |
![]() | Қырыққабаттың жапырақтары бөліне бастағанда судан шығарып, жапырақтарын сылып аламыз. |
![]() | Жұмсарып, оралуға икемделген жапырақтарға дайын салмадан салып, мұқият ораймыз. Оны қайнап тұрған судың буына 30-40 минут пісіреміз. |
![]() | Тағамның үстіне құятын тұздық әзірлейміз. Жуа, сәбіз, картопты төртбұрыштап турап, қуырамыз. Үстіне қызанақ пен тұз, бұрыш қосамыз. Барлығын қуырғаннан соң ыстық су құйып, жәй отта бұқтырамыз. |
![]() | Мәзір дайын, аскөкпен сәндеп дастарханға ұсынамыз. |
Астарыңыз дәмді болсын!
Жолдаған: Ақнұр Бектеміс
С. А





