- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Фаршталған...
Массагеттен мәзір: Фаршталған құймақ
Құймақтарды тек тәтті десерт ретінде емес, сонымен қатар тойымды тамақ ретінде де ұсынады. Оған түрлі салынды қолданады. Мысалы, қаймаққа бұқтырылған тауық еті, қуырылған саңырауқұлақ және фарш. Көп жағдайда құймаққа пияз бен фаршты ғана қуырып салады. Бұл мәзірде фарштың көкөністермен қосылған түрін ұсынамыз.
Салындыға қажетті ингредиенттер:
- 1 пияз;
- 300-400 гр тартылған ет;
- 2 қызанақ;
- 2 болгар бұрышы;
- 200 гр ірімшік;
- тұз, қара бұрыш және дәмдеуіштер.
Алдымен құймақты пісіріп аласыз.
Табаға аздап май құйып, пияз бен сарымсақты (міндетті емес) қуырасыз.
Пияз аздап қуырылған соң, оған фаршты салыңыз. Дәміне қарай тұз, қара бұрыш және басқа да өзіңізге ұнайтын дәмдеуіштер қосуға болады.
Фарш 5 минуттай қуырылғаннан кейін туралған қызанақты саласыз.
Одан кейін туралған болгар бұрышын салыңыз.
Ет пен көкөністер піскенше орташа отта ұстаңыз.
Ет пен көкөніс піскен кезде оған ұсақтап туралған немесе үккіштен өткізілген ірімшік саласыз.
Отты өте жай етіп басып, табаның қақпағын 3 минутқа жауып қойыңыз. Одан кейін отты өшіріңіз. Ірімшік толықтай балқыған кезде салынды дайын болады.
Құймаққа 2-3 ас қасық фарш қоспасын салыңыз.
Құймақты конверт етіп орайсыз. Кейбіреулерге оралған конвертті екі жағынан табаға қыздырып алған ұнайды.
Фаршталған құймақтар дайын!
А. Жапатова