- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Фарш...
Массагеттен мәзір: Фарш салынған лаваш
Тойымды тіскебасардың бірі – фаршталған лаваш. Оны тек фарштың өзімен немесе көкөністермен бірге дайындауға болады. Төмендегі ингредиенттердің барлығын қолдану міндетті емес. Қазір жаз мезгілі болғандықтан, балғын көкөністердің түр-түрі бар. Соның қайсысы үйіңізде бар, соны пайдалануға болады.
Қажетті азық-түлік:
- 1 пияз;
- 1 сәбіз;
- 1 кәді;
- 1 қызанақ;
- дәміне қарай сарымсақ немесе тілше сарымсақ;
- 1 болгар бұрышы;
- 400 г фарш;
- ақжелкен немесе аскөк;
- дәміне қарай тұз бен қара бұрыш;
- лаваш.
Пиязды ұсақ төртбұрышты етіп тураймыз.
Сәбізді төртбұрышты етіп тураймыз.
Кәдіні төртбұрышты етіп тураймыз.
Тілше сарымсақты тураймыз.
Қызанақты төртбұрышты етіп тураймыз.
Болгар бұрышын төртбұрышты етіп тураймыз.
Пиязды майға қуырамыз.
Пияз аздап сарғая бастағанда фаршты саламыз.
Содан соң көкөністерді пісу деңгейіне қарай рет-ретімен саламыз. Мысалы, сәбіз ұзағырақ пісетіндіктен оны бірінші салып, кішкене қуырамыз. Содан соң дәміне қарай тұз бен қара бұрыш саламыз.
Ақжелкен немесе аскөкті турап, фаршқа саламыз.
Лавашқа салындыны саламыз.
Оны рулет етіп орап, бөліктерге бөлеміз.
Лаваш бөліктерін ерітілген кілегей маргариніне қуырып аламыз. Сол кезде оның сырты қытырлақ болады. Оны қуырмай-ақ та ұсынуға болады.
Фаршталған лаваш дайын!
А. Жапатова