- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: "Ет...
Массагеттен мәзір: "Ет қосылған пирог"
Отбасына дәмді ас дайындап, қошемет сөз естуді барлық қыз жақсы көреді. Бірақ, бұған әркім түрліше қол жеткізеді. Бірі — тәтті тағамдар дайындаса, екіншілері — өзге ұлт асханаларының тағамын әзірлейді. Әр ұлттың өзіне тән асханасы болғанымен, көпшілігінде түрлі пирог бар. Сол пирогтың бір түрін бүгінгі мәзірімізде ұсынамыз. Біз дайындайтын пирогтың ерекшелігі - етпен бірге үйдегі кез келген көкөністі қосуға болатындығында.
Пирогты дайындау үшін бізге:
- 400 грамм қой еті;
- 500 грамм ұн;
- 0,5 келі сәбіз;
- 2 пияз;
- өсімдік майы;
- қара бұрыш;
- тұз;
- 2 жұмыртқа;
- ас содасы;
- 1,5 стақан ұйыған сүт;
- ашытқы қажет.
1. Қой етін жақсылап қуырамыз.
2. Пиязды майдалап турап қуырамыз.
3. Сәбізді төртбұрыштап турап қуырамыз.
4. Қалауымызша тұз бен қара бұрыш қосамыз.
5. Қант пен тұзды, ас содасын 1,5 стақан ұйыған сүтке қосып араластырамыз. Артынша 1 ас қасық ашытқы қосып, илейміз. Нанымыз ашыған соң үстіне қуырылған ет пен көкөністі салып, бетін жұмыртқаның сарысымен майлаймыз.
6. 180 градуста қыздырылған духовкіде 30-35 минут пісіреміз. Мәзіріміз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Сурет: massaget.kz
Қ. Бүйенбай