Бутерброд – нанның үстіне әртүрлі өнімдер қойылатын жеңіл тағам. Ол немістің май және нан деген сөздерінен құралған. Оның көптеген түрі бар. Классикалық түріне шұжық пен ірімшіктен дайындалатыны кіреді. Бұдан өзге бір қабатты, көп қабатты түрлері болады. Ет, көкөніс, түрлі соус, паштет қосылады.
Кезекті мәзірімізде бутербродтың ерекше түрін дайындаймыз.
Азық-түліктер тізімі:
♦ 1 байлам аскөк;
♦ 2 қызанақ;
♦ өсімдік майы;
♦ 200 грамм майонез;
♦ 300 грамм ірімшік;
♦ тауық котлеті;
♦ тұз;
♦ қара бұрыш.
1. Аскөкті майдалап тураймыз.
2. Ірімшікті үккіштен өткіземіз.
3. Дөңгелек пішінді тауық котлетін дайындаймыз немесе дайынын сатып аламыз.
4. Қызанақты дөңгелектеп тураймыз.
5. Ірімшік пен аскөкті араластырып, қалауымызша тұз бен қара бұрыш қосамыз.
6. Тауық котлеттерін жұқалтыр қағаздың үстіне тізіп қоямыз. Котлеттерді салмас бұрын жұқалтыр қағазға май жағамыз.
7. Майонезді тауық котлетінің үстіне жағамыз.
8. Оның үстіне қызанақтарды тізіп шығамыз.
9. Үстіне майонезді тағы бір қабат етіп жағамыз.
10. Ірімшікті саламыз.
11. Духовкіде 30 минут пісіреміз.
12. Ерекше бутербродымыз дайын! Дастарханға нанмен бірге қоюды ұмытпаңыздар. Астарыңыз дәмді болсын!
Сурет: massaget.kz