Бүгінгі мәзіріміз франциялықтар асханасына бейімделіп жасалады. Делайт сөзі француз, ағылшын тілдерінде "ләззат" деген мағына береді. Ең оңай әрі ең тез дайындалатын тойымды да дәмді ас деуге болады. Қуырылып, шыжғырылып пісірілетін басқа тағамдарға қарағанда денсаулыққа пайдалырақ. Құрамы да көп нәрсе қажет етпейді, қалауыңызға қарай толықтырсаңыз болады. Негізгі асқа қосымша тіскебасар ретінде ұсынуға, тіпті кешкі асқа жеңіл тағам ретінде жеуге де арналған.
Қажетті азық-түлік:
– 1 картоп;
– 1 сәбіз;
– 1 қияр;
– 100 гр ірімшік (сыр).