Массагеттен мәзір: Дәстүрлі алма бәліші

Алма бәліші әр ару пісіре білетін тағамдардың бірі болу керек. Назарларыңызда оңай әзірленетін, көп уақыт пен күшті талап етпейтін, қол астында бар азық түліктерден дайындалатын өте тойымды, үлкен отбасына жететіндей көлемді хош иісті алма бәліші.

Құрамы:

6-7 алма (қышқыл, жасыл түрлерін алған жөн); 5 жұмыртқа; 150 гр қант; 200 гр сары май не маргарин; 2 шай қасық қамыр қопсытқышы; 600 гр ұн.

Крем үшін:

400 гр қаймақ; 150 гр қант. Май не маргаринді қантпен езіп араластырамыз. Жұмыртқаларды қосамыз. Жақсылап араластырып, ұн мен қамыр қопсытқышын қосып, қамыр илейміз. Қамырдың 2/3 бөлігін майланған пісіру пішініне жаямыз.  Үстіне майда бөліктерге туралған алма тілімдерін жайғастырамыз.  Қалған қамырдан түтікшелер, гүл күлтелері не жапырақтарын жасап, бәліштің бетіне қойып, әдемілейміз. Бәлішті 180 градусқа 35 минутта пісіреміз. Крем даярлау үшін қаймақ пен қантты миксермен араластырыңыз. Кремді ыстық бәлішке құйып, оны суытуға қалдырыңыз. Кремі әбден сіңіп, суыған бәліштің дәмі мен хош иісі одан да нәзік болады. Астарыңыз дәмді болсын!

Тақырып бойынша: 

Қымбат тағамдардың орнына

Алма бәліштері

Жеміс бәліші

Ас үйде болған: Сания Аринова