- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: "Дапанжи"...
Массагеттен мәзір: "Дапанжи"
Дапанжи — қытай асханасының ет пен түрлі көкөністен әзірленетін тағамы. Өте тойымды әрі дәмді болғандықтан, оны кешкі асқа әзірлеуге болады.
Қажет азық-түліктер:
- 0,3 кг картоп;
- 2 болгар бұрышы;
- 2 қызыл болгар бұрышы;
- 0,5 кг тауық еті;
- пияз;
- 0,4 кг ұн;
- 1 жұмыртқа;
- тұз;
- зере;
- қант қажет.
1. Пиязды тураймыз.
2. Қызыл бұрышты тураймыз.
3. Болгар бұрышын төртбұрыш етіп тураймыз.
4. Картопты жұқа етіп кесеміз.
5. Қазанға май құйып, қант себеміз.
6. Қант әбден еріген соң тауық етін қуырамыз. Қалауымызша тұз бен зере қосамыз.
7. Кейін үстіне пиязды салып қуырамыз.
8. Үстіне қызыл бұрышты салып, қуырамыз.
9. Болгар бұрышын салып, қуырған соң тамат пастасын қосамыз.
10. Су құйып, 10 минут бұқтырамыз.
11. Су қайнаған соң картопты салып, отты азайтамыз.
12. Ұнның үстіне жұмыртқаны жарамыз.
13. Су құйып, қамыр илейміз.
14. Қамырды жайып, кесеміз.
15. Нанның арасын ашамыз.
16. Қайнап тұрған суға салып, пісіреміз.
17. Піскен нанды суық суға салып аламыз.
18. Бетіне қазандағы сәйді саламыз. Тамағымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Қ. Бүйенбай