Массагеттен мәзір: Дәмді балық қуырудың бір әдісі

Массагеттен мәзір: Дәмді балық қуырудың бір әдісі
Фото: massaget.kz

Кез келген балық – жүрекке, қан тамырларына, иммунитетке жақсы әсер ететін көптеген пайдалы заттардың қайнар көзі. Оны түрліше дайындап жатады. Оны қуырудың бір әдісін ұсынамыз.

Қажетті азық-түліктер:

- 1 кг балық;
- 4 ас қасық соя тұздығы;
- 0,5 лимон;
- дәміне қарай тұз бен қара бұрыш.


Тазартылған балықтарды қуыруға ыңғайлы болатындай етіп бірнеше бөліктерге бөлеміз. Балық бөліктерін бір ыдысқа салып, оған соя тұздығын, лимон суын, қара бұрыш және тұз саламыз. Соя тұздығында да тұз болатындығын ескеріңіз. Барлығын жақсылап араластырып, маринадты кем дегенде 2 сағат ұстаңыз. Оны алдын ала дайындап, бір түнге тоңазытқышқа қалдырсаңыз, тіптен жақсы болады. 


Балықты ұнға бұлғаймыз. Ұн салынған пакетке балық бөлігін салып, пакетті қозғау арқылы араластырған ыңғайлы. Сол кезде ұн жан-жағына шашылмайды және ол балықтың барлық жеріне біркелкі тиеді. 


Табаға май құйып, қыздырамыз. Содан соң балық бөліктерін қызарғанша қуырамыз.


Балықтың екінші жағын қуырамыз.

Балық дайын!

А. Жапатова