Чебуректер – қамыры қытырлақ, салындысы татымды әрі жылдам дайындалатын тағам. Оның қамырына ашытқы салынбайтындықтан алдын ала дайындап қоюдың қажеті жоқ.
Қажетті азық-түліктер:
- ұн;
- су;
- тұз;
- өсімдік майы;
- фарщ;
- пияз.
Ыдысқа жылы су құямыз. Оған аздап тұз және 1 ас қасық өсімдік майын құйып, араластырамыз.
Илектен өткізілген ұн саламыз.
Қамырды қолға ұстағанда жабыспайтын болғанша ұн саламыз. Чебуректің салындысын дайындап болғанша қамырды пакетке салып қоямыз.
Келесі ыдысқа фарщті саламыз.
1 үлкендеу пиязды ұсақ төртбұрышты етіп тураймыз.
Фарщ пен пиязды араластырып, тұз бен қара бұрыш саламыз.
Қамырды кіші бөліктерге бөлеміз.
Әр бөлікті оқтаумен дөңгелек етіп илейміз.
Иленген қамырға фарщ саламыз.
Алдымен қамыр шеттерін қолымызбен жайлап жабыстырамыз.
Содан соң шанышқы көмегімен суретте көрсетілгендей басып шығамыз.
Чебуректерді дайын болғанша табаға май құйып, қыздыра береміз.
Қызып тұрған майға чебуректерді пісіреміз.
Қамыр қызарған соң аударамыз.
Чебуректер дайын. Астарыңыз дәмді болсын!