Чахохбили – тауық етінен жасалатын грузин халқының ұлттық тағамы. Бастапқыда қырғауыл етінен, артынша тауық етінен дайындалатын болған. Кей асхана дайындау барысында су қосса, енді бірі көкөністердің шырынын пайдаланады.
Қажет азық-түліктер:
- 0,5 келі тауық еті;
- 2 пияз;
- 3 қызанақ;
- 4 жұмыртқа;
- аскөк;
- өсімдік майы;
- 2 қызыл бұрыш;
- тұз.
1. Тауық етін бірнеше бөлікке бөлеміз.
2. Оны өсімдік майына қуырамыз.
3. Қызанақты тураймыз.
4. Артынша ет тартқыштан өткіземіз.
5. Ет әбден қуырылған соң пиязды салып, 7 минут қуырамыз.
6. Еттартқыштан өткізілген қызанақты саламыз.
7. Жақсылап араластырамыз.
8. Төртбұрыштап туралған қызыл бұрыш саламыз.
9. Аскөк пен тұз қосамыз. Аз су қосып, қайнатамыз.
10. Екі жұмыртқаны саламыз.
11. Жақсылап араластырамыз.
12. Бөлек асқан екі жұмыртқаны турап қосамыз.
13. Бір минуттай отты басып қойып қайнатамыз.
14. Чахохбили тағамы дайын! Астарыңыз дәмді болсын!
Сурет: Massaget.kz