Массагеттен мәзір: Болоньез пастасы

Массагеттен мәзір: Болоньез пастасы

Итальяндықтардың дәстүрлі тағамдарының бірі – болоньез пастасы. Әдетте бұл паста етпен жасалынады, бірақ вегетариандық болоньез пасталарының мәзірлері көп-ақ. Бүгін назарларыңызға етсіз жасалынатын тойымды әрі жеңіл болоньез пастасының мәзірін ұсынамыз. 

Құрамы:

  • 300 грамм спагетти;
  • 4 қызанақ;
  • 1 пияз;
  • 2 сарымсақ;
  • 200 грамм ірімшік;
  • 1 жұмыртқа;
  • 50 грамм қаймақ;
  • сұйық май;
  • зәйтүн түрлері;
  • тұз, бұрыш.
Пияз бен сарымсақты мүмкіндігіңізше майдалап тураңыз.
Қызанақтарды жуып, қайнап тұрған сумен бір рет шаямыз. Осылайша оның қабығын оңайлықпен тазалауға болады.
Қабығы ашылған қызанақты майдалап тураңыз.
Қызып тұрған табаға май құйып пияз бен сарымсақты қуырамыз.
Пияз қуырылғанша ірімшікті үккіштен өткізіп, оған 1 жұмыртқа мен қаймақ қосамыз.
Қуырылған пиязға қызанақтарды қосып, жарты стақан су, шымшым тұз және бұрыш қосамыз.
Спагеттиді әдетегінше суға пісіріп, оны сыр мен жұмыртқа қосылған тұздықпен араластырамыз.
Тәрелкеге спагетти салып, үстінен қызанақ тұздығын құйыңыз. Қалауыңызша зәйтүнмен әдемілеуге болады. 

Ас үйде болған: Сания Аринова

С. А