Құрметті оқырман, бүгін біз сіздерге бауырдан жасалған "Бауырым" бәлішінің жасалу жолдарын көрсетпекпіз. Қане, бірге дайындайық!
1. Бәліштің құрамы:
- 0,5 кг бауыр еті;
- 700 г сүт;
- 2 түйір жұмыртқа;
- 0,5 шәй қасық тұз;
- 1 шәй қасық ас содасы
- 2 стақан ұн;
- жарты кесе пісте май;
|
|
 | Бауырды еттурағыштан өткізіп, туралған бауыр етінің үстінен сүт құйып, араластырамыз. |
 | 2 жұмыртқа саламыз. |
 | 0,5 шәй қасық тұз саламыз. |
 | 1 шәй қасық (толтырмай) ас содасын саламыз. |
 | Пісте май құямыз. |
 | Ұн саламыз. |
 | Бәрін қосып, араластырамыз. |
 | Асты жанып тұрған табаға ожаумен құйып, құймаққа ұқсатып пісіреміз. |
 | Піскен бауыр құймасы осылай көрінеді. |
 | Қаттамалар дайын. Енді бәліш жасау үшін арасына жағатын кремін дайындау керек. |
| 2. Кремнің құрамы: - 2-3 түйір піскен сәбіз;
- 2-3 түйір сарымсақ;
- майонез;
| |
 | Піскен сәбізді үккіштен өткіземіз. |
 | Сарымсақты үккіштен өткіземіз. |
 | Үстіне майонез салып, жақсылап арластырамыз. |
 | Дайын болған кремнің көрінісі осындай болады. |
3. Бәлішті жасау
|
|
 | Дайын болған кремді піскен бауыр етінің құймасына жағамыз. Құймақтардың арасына крем жағып, қабаттап қоя береміз. |
 | Жиырма шақты құймақты қабаттап болған соң, үстіне (майдалап туралған) аскөкті себеміз. |
 | Бәрі дайын болған соң, бетін түрліше сәндесеңіз болады. Ас болсын! |
Ас үйде болған: Ақерке Әбілхан
Суреттер автордан
А. Әбілхан