- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Бауыр...
Массагеттен мәзір: Бауыр салаты
Фото:
massaget.kz
Бауыр — жеңіл және өте пайдалы ас. Ол қандағы гемоглобин мөлшерін көбейтуге көмектеседі. Тек өзін суға пісіріп жей алмасаңыз, одан жеңіл салат дайындауға болады. Тойымды әрі жылдам дайындалатын бауыр салатының жасалу жолын ұсынамыз.
Қажетті азық-түліктер:
- 300 гр бауыр;
- 2 үлкен пияз;
- 2 үлкен сәбіз;
- тұз.
Пиязды жарты сақина етіп тураймыз.
Сәбізді ұзынша етіп үккіштен өткіземіз.
Бауырды қайнатып, ұзынша етіп тураймыз.
Табаға аздап май құйып, қыздырамыз. Оған пиязды саламыз.
Пиязды 5 минут қуырған соң, үстіне сәбізді саламыз. Пияз бен сәбізді қатты қызартып қуырудың қажеті жоқ. Аздап жұмсарса болғаны.
Одан соң бауырды саламыз. Дәміне қарай тұз қосып, барлығын жақсылап араластырыңыз.
Бауыр салаты дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
А. Жапатова