Банан – ағзаға күш-қуат сыйлайтын бірден-бір жеміс. Ендеше бүгінгі мәзірімізде бананнан жасалған дәмді десерттер дайындау жолдарын көрсетеміз.
Бірінші дайындайтын десертіміз жеміс салатына ұқсайды.
Бананды ірілеп турап аламыз.
Туралған бананды блэндермен езіп аламыз.
Шоколадты өзіңіз қалаған мөлшерде үккіштен өткізіңіз.
Одан соң мандаринді орташа етіп тураймыз.
Туралған мандаринді ыдысқа салыңыз.
Кивиді ұсақтап тураймыз.
Туралған кивиді ыдысқа салыңыз.
Жеміс десертіміз дайын.
Екінші десертімізді дайындау үшін бір бананды тазартып, ыдысқа салыңыз.
100 грамм сүзбе аламыз.
Сүзбеге 2 ас қасық қаймақ және 1 ас қасық қант салып, жақсылап араластырамыз.
Дайын сүзбені бананның үстіне жағып шығамыз.
Одан кейін ыдысқа шамамен 2 ас қасық қаймақ салып, оған 1 ас қасық қант және 2 шай қасық какао қосып араластырамыз.
Дайын қоспаны сүзбе жағылған бананның үстіне жағып шығамыз. Безендіру үшін кез келген жемісті алсаңыз болады. Банан десерті дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Құрметті Массагет оқырмандары, өздеріңіз жасаған мәзірлеріңізді суретке түсіріп, massagetkz@gmail.com поштасына жолдауларыңызға болады. Суреттер сапалы болса, міндетті түрде жариялаймыз. Егер суретке түсіруге мүмкіндігіңіз болмаса, рецептісін жазып жіберіңіз. Асыға күтеміз!