Азара – күнделікті тұрмыста дайындауға ыңғайлы, бастысы қолжетімді азық-түліктерден жасалатын тағам.
Бүгін біз қарапайым әрі өте оңай Азара тағамын дайындаймыз. Тойымды азық-түліктерден дайындалатындықтан, оларды аз мөлшерде пайдалануға болады.
Құрамы:
300 грамм ұн; 1 пияз; 3 картоп пен сол мөлшерде түрлі-түсті бұрыш; 1 ас қасық томат пастасы; қаңылтырдағы сиыр еті; ашытқы; сұйық май; тұз; 2 асылған жұмыртқа;
Нанды илеп, ашығанша бетін жауып қоямыз.
Ашыған нанды екі бөлікке бөлеміз. Оны жұқартып жайған соң манты пісіруге арналған қасқанға салып, буға пісіреміз.
Пиязды жіңішке етіп турап қуырамыз.
Үстіне төрбұрыштап туралған бұрышты қосамыз.
Аз уақыт қуырылған соң ас қасықпен томат пастасын қосамыз.
Артынша төртбұрыштап туралған картоп пен асылған жұмыртқаны қосамыз.
Қуырылған сәйдің үстіне қаңылтырдағы сиыр етін саламыз.
Дайын болған нанды төртбұрыш етіп тураймыз.
Артынша үстіне дайындаған сәйімізді салып, аскөк себеміз. Тамағымыз дайын! Астарыңыз дәмді болсын!
Ас үйде болған: Қарлыға Бүйенбай