Азара – күнделікті тұрмыста дайындауға ыңғайлы, бастысы қолжетімді азық-түліктерден жасалатын тағам.
Бүгін біз қарапайым әрі өте оңай Азара тағамын дайындаймыз. Тойымды азық-түліктерден дайындалатындықтан, оларды аз мөлшерде пайдалануға болады.
| Құрамы:
| ||
| Нанды илеп, ашығанша бетін жауып қоямыз. | ||
| Ашыған нанды екі бөлікке бөлеміз. Оны жұқартып жайған соң манты пісіруге арналған қасқанға салып, буға пісіреміз. | ||
| Пиязды жіңішке етіп турап қуырамыз. | ||
| Үстіне төрбұрыштап туралған бұрышты қосамыз. | ||
| Аз уақыт қуырылған соң ас қасықпен томат пастасын қосамыз. | ||
| Артынша төртбұрыштап туралған картоп пен асылған жұмыртқаны қосамыз. |
| Қуырылған сәйдің үстіне қаңылтырдағы сиыр етін саламыз. | |||
| Дайын болған нанды төртбұрыш етіп тураймыз. |
| Артынша үстіне дайындаған сәйімізді салып, аскөк себеміз. Тамағымыз дайын! Астарыңыз дәмді болсын! |
Ас үйде болған: Қарлыға Бүйенбай
Қ. Бүйенбай