Жақын күндердің бірінде журналистер мен блогерлер Ақши ауылына "Адасқандар" атты телехикаяның түсірілім алаңына барып қайтқан еді. Олардың қатарында біз де бармыз. Телехикая актерлерге ғана емес, сол жердегі ауыл тұрғындарына да жұмыс берген екен. Олар түрлі ас әзірлеп, мол дастархан жайды. Сол жерде бір салат ерекше ұнады. Атының қалай аталатынын білмейміз. Бірақ кезекті мәзірде жасап көруді жөн көрдік. Өзгерткен жерлеріміз де болды.
Қажет азық-түліктер:
- 0,5 кг қияр;
- 0,5 кг қызанақ;
- қалауыңызша көк пияз;
- 400 г қарын;
- өсімдік майы;
- тұз.
1. Көкөністерді жақсылап жуып, қажетсіз жерлерін алып тастаймыз.
2. Қиярдың қабығын аршып, төртбұрыштап тураймыз.
3. Оны табаққа саламыз.
4. Қызанақты төртбұрыштап тураймыз.
5. Оны да табаққа саламыз.
6. Көк пиязды майдалап тураймыз.
7. Оны көкөністерге қосамыз.
8. Тұз себеміз.
9. Қарынды жақсылап жуып, қайнатамыз.
10. Дайын болған қарынды турап, көкөністердің үстіне саламыз.
11. Өсімдік майын қосып, араластырамыз.
12. Өсімдік майын майонезбен алмастыруыңызға болады. Астарыңыз дәмді болсын!