Күз-қыс мерзімінің қолжетімді көкөністерінің бірі асқабақ. Асқабақтың адам ағзасына пайдасы мол. Одан түрлі тағамдар жасауға болады. Солардың бірі асқабақ уылдырығы. Мұндай көкөністі икраны нанға жағып жесеңіз, өте тойымды болады әрі тәбетті ашады. Оны дүкеннен сатып алғанша, үйден оңай дайындалатын түрін жасап көріңіз. Қажетті азық-түліктер: - 800 г асқабақ;- 1 үлкен пияз;- 1 ас қасық томат;- 1 шай қасық тұз;- 1 шай қасық қант;- 1 ас қасық сірке суы;- қалауыңызға қарай қара бұрыш;- ақжелкен немесе аскөк;- 1 сарымсақ тілшесі. Пиязды ұсақтап тураймыз. Асқабақты үккіштен өткіземіз. Табаға аздап май құйып, пиязды қуырамыз. Оған асқабақты салып, қайта-қайта араластырып тұрып, 10 минуттай қуырамыз. Оған томат, туралған ақжелкен (аскөкті) және сарымсақ саламыз. Одан соң тұз, қара бұрыш, қант салып және сірке суын құйып, барлығын араластырамыз. 5 минуттан соң отты сөндіреміз. Уылдырық дүкендікіндей біртекті болғанын қаласаңыз, блендермен езіп алуға болады. Асқабақ уылдырығы дайын!