- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Асқабақ...
Массагеттен мәзір: Асқабақ құймағы
Алдымыздан демалыс қол бұлғайды. Көпшілігіміз осы күндері ұйқыны қандырып, түс ауасында оянамыз да, бірден асқазанымыздың тамақ сұрап тұрғанын байқаймыз. Осындайда дүкенге жүгірмей-ақ, тоңазытқышта бар азық-түліктерден дәмді ас дайындап үйреніңіз. Қыс мезгіліндегі ең қолжетімді тағамдардың бірі асқабақ болғандықтан, сіздерге асқабақ құймағын жасауды үйретеміз.
Құрамы: 500 гр асқабақ |
Асқабақ пен картоптың қабығын аршып, жақсылап жуып тазалаймыз. |
Картопты үккіштен өткізіп, 5 минутқа ыстық суға немесе сүтке салып қойыңыз. |
Асқабақты да ұсақ үккіштен өткізіп, бөлек ыдысқа саласыз. |
Жұмыртқаның ағы мен сарысын ажыратып аласыз. |
Шұңғыл ыдысқа, асқабақты, картопты, ұнды, жұмыртқа сарысын, тұзды, бұрышты саласыз да, жақсылап араластырасыз. Әбден араласқан соң жұмыртқаның ағын қосасыз. |
Енді табаға май құйып, құймақтарды пісіре бастаймыз. Әрбір бетін қызарғанша қуырыңыз (2-3 минут). Арасы жақсы пісу үшін бетін жауып қойған дұрыс. |
Құймақтар дайын! Піскен құймақтарды қаймақпен бірге жеген өте дәмді болады.
Ас үйде болған: Айгерім Сматуллаева