Массагеттен мәзір: "Анна" тағамы

Әлем халықтарының асханасының ең танымал тағамдарын жасап үйренуді жалғастырамыз. Бүгін француз асханасында қонақта болмақпыз. Дайындайтын тағамымыз – "Анна" деп аталады. Классикалық мәзір саналатын бұл тағам 1870 жылы ойлап табылған. Авторы – париждік танымал мейрамхананың бас аспазы Адольф Дюглере екен. Ал тағамның атауы белгілі куртизанка Анна Делионның есіміне байланысты қойылған. Бірі қызығы – ұзақ жылдардан бері француздықтар сүйіп жейтін "Аннасы" екі ғана ингредиенттен дайындалады. Ал дәмі керемет!

 

Құрамы:

Адам санына қарай картоп Сары май (ерітілгенде 30 гр) Тұз Дәмдеуіштер

 

  Картопты ашып, жақсылап жуамыз.

 


Тазаланған картопты арнайы ыдысқа салып, отқа қойыңыз. Қайнағаннан кейін 3 минут өткенде отты өшіресіз. Тұз салуды ұмытпаңыз. 

 

  Картопты судан сүзіп алып, суытып қоямыз.

 

  Картопты жұқа (сынып кетпейтіндей болсын) әрі дөңгелек етіп тураймыз.

 

  Майды ерітіп, ыдысқа құямыз.

 


Әлгі дөңгелек картоптарды майға жақсылап шылап,  бөлек ыдысқа саламыз. 

 


Майлы картопты табаға жайғастырамыз, әрбір қабат сайын тұз, дәмдеуіш (міндетті түрде қара бұрыш болсын) салып, аздаған май құямыз. Оны духовкаға салып, 220 градуста қалдырамыз. 30-40 минутта дайын болады. 

Тағам дайын! Асыңыз дәмді болсын!

Ас үйде болған: Айгерім Сматуллаева