Бүгін танымал блогшы, аудармашы, қазақ интернетінің майталманы және жас келіншек Анар Мұстафина ұсынған керемет "маклюбе" тағамының мәзірімен таныс болыңыздар.

| Картопты майға тұз қосып қуырамыз. |
 | Дәл сол сияқты сәбізді де бөлек маймен тұз қосып қуырамыз. |
 | Енді үлкендеу қазанға май құйып, етті тұздап қуырамыз. |
 | Қуырылған етке пияз қосамыз. |
 | Шамалы қуырылғаннан кейін етке сәбіз қосып, біркелкі қылып жайғастырамыз. |
 | Картопты сәбіздің үстінен саламыз. |
 | Көкөністерді қуыру барысында, суға бұқтырылған күрішті жартылай дайындыққа дейін пісіреміз. Оны қазанға салып, кішкене сорпа не қайнап тұрған су қосамыз. |
 | Маклюбені баяу отқа қойып, дайын болғанша, қызанақ пен қиярдан салат әзірлейміз. |
 | Салатты тұздап, май қосуға болады. |
 | Маңызды сәт: Қазанды үлкен табаққа аударамыз. |
 | Шетінен салат салып, ортасына айран құямыз. Маклюбе дайын. Астарыңыз дәмді болсын! |

Ас үйде болған: Анар Мұстафина мен Сания Аринова
С. А