Құймақ секілді тағамдарды таңғы асқа және десертке ұсынуға болады. Ал бүгінгі біз ұсынайын деп отырған десерттің жасалу жолы аса қиын емес. Олай болса, жасап көріңіз.
Қажетті азық-түліктер:
Құймақ үшін:
– 2,5 стақан ұн;
– жарты стақан сүт;
– 1 жұмыртқа;
– қамыр қопсытқыш (шай қасықтың ұшымен).
– 1 алма;
– 0,25 л май.
Алдымен, алманың сыртын тазалап, қабығын ашып, дөңгелектеп тураймыз. Кейін ортасын алып тастаймыз.
Туралған алманы даршынмен араластырамыз.
Құймақ үшін алдымен жұмыртқа мен сүтті араластырамыз.
Сұйықтыққа ұн, даршын және қопсытқышты електеп өткізіп, араластырамыз.
Алманы құймақ сұйықтығына араластырамыз.
Табаға өте аз мөлдерде май жағып, құймақ қызғылт сары түске айналғанша қуырамыз.
Құрметті Массагет оқырмандары, өздеріңіз жасаған мәзірлеріңізді суретке түсіріп, Гүлжанат секілді massagetkz@gmail.com поштасына жолдауларыңызға болады. Суреттері сапалы болса, міндетті түрде жариялаймыз. Егер суретке түсіру мүмкіндігіңіз болмаса, рецептісін жазып жіберіңіз. Асыға күтеміз! Ал мәзірін жолдаған оқырманымызға алғыс білдіреміз!