Массагеттен мәзір: Алма бәліштері

Қонақтар келіп қалғанда не үйдегілерді қуанту мақсатында тез әрі оңай дайындалатын тәттінің мәзірі керек пе? Назарларыңызда алма бәліштері.

Құрамы

4-5 алма (жасыл, қатты түрін таңдаған дұрыс); 1/2 стақан қант; дайын қаттама қамыр; 1 шай қасық даршын (корица); сары май. Алманы жуып, майдалап тураймыз. Табаға сары майды ысытып, алманы қуырамыз. Қалауыңызша кішкене мейіз қосуға болады. Бірнеше минут қуырылған алмаға қант пен даршынды қосып араластырыңыз.  Қамырды қалың етіп жайып, 5*5 см төртбұрыштарға бөлеміз.  Қамырға салманы салып, қарама-қарсы шеттерін қосамыз. Бәліштердің шеттерін жақсы жауып, салманың ағып кетуінен сақтаныңыз. Бәліштерді пісіру пешіне 200 градусқа 15 минутқа қоямыз. Алма бәліштері дайын!

Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова