Шайға тіскебасар ретінде мынадай ала кекстерден дәм татуға қалай қарайсыздар? Әдеттегідей дайындалуы оңай, әрі тез!
| Құрамы:
| |
| Майды қант пен ваниль қантымен езіп араластырамыз. | |
| Оған жұмыртқаларды қосып, араластырамыз. | |
| Айран мен қаймақты қосамыз. | |
| Ұн мен қамыр қопартқышын алдын ала араластырып қосамыз. | |
| Қамырды бірдей екі бөлікке бөліп, біреуіне какао ұнтағын қосамыз. | |
| Үстінен ақ қамырдан 1-2 ас қасық қосамыз. 180 градусқа дейін қызған пешке 25-30 минутқа қоямыз. | |
| Кекстер піскеннен кейін аударып, сәл суытамыз. | |
| Ала кекстер дайын. Астарыңыз дәмді болсын! |
Дайындаған: Сания Аринова
С. А