Массагеттен мәзір: Ақерке ұсынған "Нан салма"

Массагеттен мәзір: Ақерке ұсынған "Нан салма"

Біз жақында ғана жас келін атанған блогшы, сайтымыздың контент-менеджері, әріптесіміз Ақерке Әбілханның ас үйінде қонақта болдық. Ақерке жаңа отбасына өз анасынан үйренген оңтүстікше "Нан салма" тамағын әзірлегелі жатыр екен. Ендеше, сіздер де "Нан салма" мәзірімен таныс болыңыздар. 

Құрамы:

  • Ет (қой еті, сиыр еті немесе тауық еті);
  • 10 картоп;
  • 2 сәбіз;
  • 2 пияз;
  • Ұн;
  • Күнбағыс майы;
  • Дәмдеуіштер/тұз;
  • Томат пастасы;
  • Қызанақ/қияр;
  • Су;

 

  • Картоп пен сәбізді және пиязды төртбұрышты етіп тураймыз. 
  • Етті де төртбұрышты етіп тураймыз. 
  • Қызып тұрған майға етті салып, бес-алты минуттай қуырамыз.
  • Ет әбден қуырылып біткенде пияз бен сәбізді бірге салып қуырамыз.
  • Туралған пияз сарғайғанша жиі араластырып қуыра береміз.
  • Пияз бен сәбізі қуырылып біткен соң үстіне картопты салып, қуырамыз. Картоптың асты қазанға жабысып қалмас үшін жиі араластырып отыру керек. 
  • Картоп қуырылып бітті дегенде 1 ас қасық томат пастасын салып, көкөністерге толық сіңгенше қуыра береміз. 

  • Әбден қуырылып, томаты сіңгеннен соң өзінің бетінін сәл асырып су құямыз. Дұрыстап араластырып, қазанның бетін жауып қайнатамыз. Бір қайнаған соң отты сәл ғана азайтамыз. Қамыр жайып, оны ұзын кеспе етіп кесеміз. 
  • Қамыр суға пісіп, көкөністер тұздығы дайын болғанша, қызанақ пен қиярдан салат жасауға кірісеміз.
  • Піскен қамырды елгезермен сүзіп алып, салқын суға түсіреміз (Сонда қамыр бір-біріне жабысып қалмайды). Үстіне тұздық салып, шетін өз қалауымызша сәндейміз. 
  • "Нан салма" дайын! Ас болсын! Оразаңыз қабыл болсын!

Ас үйде болған: Ақерке Әбілхан және Сания Аринова

А. Әбілхан