Қолданушымыз Ақнұр Бектеміс дайындалуы өте оңай, әрі тез бәліш мәзірін ұсынып отыр. Оның ерекшелегі – көкнәр қосылуында.
Көкнәр (мак) қосылған бәліш өте тез дайындалуымен ерекшеленеді. Әдетте, жақсы көтеріліп пісетін бәліштің қамырын дайындау қиындық туғызуы және көп уақыт алуы мүмкін. Енді сіз көп уақытыңызды бөлмей-ақ, қамыр дайындауда қиналмай, тез пісетін дәмді бәліш мәзірімен таныс боласыз.
Құрамы:
- 200-250гр маргарин/сары май;
- 1 стақан қант;
- 3 дана жұмыртқа;
- 1-1,5 ас қасық көкнәр (мак);
- 2-2,5 стақан ұн;
- 1 шәй қасық қамыр қопсытқышы;
- ванилин;
- қант ұнтағы мен даршын (корица).
![]() | Ыдысқа маргаринді салып, газға қойып аздап ерітеміз. |
![]() | Еріген майдың үстіне 1 стақан қант саламыз. |
![]() | 3 жұмыртқаны жарамыз. |
![]() | Көкнәр қосып, барлығын жақсылап араластырамыз. |
![]() | Қопсытқыш, ванилин және ұнды елеп қосамыз. |
![]() | Бірыңғай қоспа болғанша араластырып, бәліш пісіретін ыдысқа саламыз. |
![]() | Бәлішті 150-180 градусқа дейін ысытылған пеште 20-25 минут пісіреміз. |
![]() | Дайын болған пирогты ыстық пештен алып, таза матаға 5-10 минут төңкеріп қойған жөн. |
![]() | Қайта кері төңкеріп, суып үлгергенше үстіне қант ұнтағы мен даршын себеміз. |
Бәлішті дастарханға суығаннан соң кесіп қоюға болады. Астарыңыз дәмді болсын!
Жолдаған: Ақнұр Бектеміс
С. А