- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагетен мәзір: "Жұмбақ"...
Массагетен мәзір: "Жұмбақ" салаты
Күн санап Тәуелсіздігімізді алған күн, Массагетіміздің үш жылдық мерей тойы, Жаңа жыл мерекесі де жақындап келеді. Барлығымыз туған-туысқандарымызға сыйлық алуға асығудамыз. Мұнымен қатар бойжеткендер дастарханды қалай безендірсек екен деп әуре-сарсаңға салынуда. Осыған орай дастарханның көркін ашып, ажарын кіргізетін "Жұмбақ" салатын ұсынуды жөн көрдім. Оны дайындау үшін бізге:
- 500 г картоп;
- жарты буда көк пияз;
- 5 қызанақ;
- 4 қияр;
- консервідегі жүгері;
- 400 г үрме бұршақ;
- 400 г ірімшік;
- тұз;
- консервідегі балық;
- өсімдік майы қажет.
Жоғарыдағы азық-түліктерді дайындап алған болсақ, іске кірісейік!
1. Картопты жұқалап турап, майға қуырамыз.
2. Дайын болған картопты тарелкінің шетіне салып, жанына көк пиязды турап қоямыз.
3. Қызанақты да жұқалап тураймыз.
4. Қиярды ұзынша етіп тураймыз.
5. Консервідегі жүгеріні қосамыз.
6. Үрме бұршақты тұз қоспай қайнатамыз. Қайнаған соң жүгерінің жанына орналастырамыз.
7. Ірімшікті қияр секілді ұзынша етіп тураймыз.
8. Соңында балық пен майонез қосамыз. Қалауымызша тұз себеміз. Мәзіріміз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Сурет: massaget.kz
Қ. Бүйенбай