"Массагет" бәліші

Бәлішке "Массагет" атауы лайық деп шештік. Оның таңдайда еритін жұмсақтығы мен  тәтті дәмі көптің көңілінен шықты. Сіз де әзірлеп көріңіз.

Құрамы:

Ұн - 2 стақан

Қант - 1 стақан

Жұмыртқа - 3 дана

Кілегей маргарины - 150 гр.

Қамыр қопсытқышы - 1 шәй қасық

Алма - 3-4 дана

Бал - 1 шәй қасық

Қант ұнтағы - 1 ас қасық

Дайындалуы:

Кілегей маргаринін ерітіп аламыз;

Қант пен жұмыртқаны араластырамыз;

Бұл қоспаны ұнға қосамыз;

Енді миксердің көмегімен араластырамыз;

Алмалардың қабықтарын аршып, майда етіп тураймыз;

Қоспаға майда етіп туралған алмалар мен балды қосып,  араластырамыз;

Біртекті қамырды арнайы үлгіге салып, алдын ала 2300С-қа қыздырылған пеште 20 минут пісіреміз;

Дайын болғаннан кейін бәліштің бетіне қант пудрасын себеміз.

"Массагет" бәліші дайын. Астарыңыз дәмді болсын!