Бәлішке "Массагет" атауы лайық деп шештік. Оның таңдайда еритін жұмсақтығы мен тәтті дәмі көптің көңілінен шықты. Сіз де әзірлеп көріңіз.
Құрамы:
Ұн - 2 стақан
Қант - 1 стақан
Жұмыртқа - 3 дана
Кілегей маргарины - 150 гр.
Қамыр қопсытқышы - 1 шәй қасық
Алма - 3-4 дана
Бал - 1 шәй қасық
Қант ұнтағы - 1 ас қасық
Дайындалуы:
- Кілегей маргаринін ерітіп аламыз;

- Қант пен жұмыртқаны араластырамыз;


- Бұл қоспаны ұнға қосамыз;

- Енді миксердің көмегімен араластырамыз;

- Алмалардың қабықтарын аршып, майда етіп тураймыз;

- Қоспаға майда етіп туралған алмалар мен балды қосып, араластырамыз;

- Біртекті қамырды арнайы үлгіге салып, алдын ала 2300С-қа қыздырылған пеште 20 минут пісіреміз;

- Дайын болғаннан кейін бәліштің бетіне қант пудрасын себеміз.

"Массагет" бәліші дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Ғ. Ұзақ