Күздің соңғы демалыс күндері қарсаңында сіздермен соңғы нағыз күздік тағам мәзірімен бөліскіміз келіп тұр. Дала суып үлгерсе де, базар мен дүкендер сөрелерінде күздің ең пайдалы да дәмді көкөнісі – асқабақ әлі бар.
Асқабақ мантыға ғана қажет көкөніс деген пікір қалыптасып кетті. Алайда одан тәтті десерт, керемет самса, нәзік күріш ботқасын жасауға болады екен. Асқабақпен жасалынатын ең оңай да дәмді мәзірлердің бірі – асқабақ сорпасы. Бұл сорпа жасымық сорпасы сынды езбе ретінде болады. Хош иісті, дәмді және өте жеңіл, тіпті диетикалық тағамды сіз де жасап көріңіз.
Құрамы:
700 грамм асқабақ; 1 сәбіз; 1 пияз; 2 сарымсақ; зәйтүн майы; тұз, бұрыш; қаймақ.Астарыңыз дәмді болсын!
Ас үйде болған: Сания Аринова