- Негізгі бет
- Аспаздық
- Марокко шайын демдеу...
Марокко шайын демдеу жолы
Фото:
svetonebo.dreamwidth.org
Ингредиенттер:
- 1-2 даршын таяқшасы;
- 4 қалампыр түйнегі;
- апельсин мен лимон қабығы;
- кептірілген жанжабілдің 3 тілімі;
- 1 лайм;
- 1-2 шақпақ қоңыр қант;
- бір байлам жалбыз;
- 500 мл су;
- бір шай қасық қара жапырақ шайы.
Дайындау жолы:
1. Апельсин мен лимонның қабығын аршыңыз.
2. Кейін апельсин мен лимон қабықтарымен қоса жалбызды, даршынды, жанжабілді, кесілген лаймды, шайды және қантты шәйнекке салыңыз.
3. Үстіне қайнаған су құйыңыз.
4. Демделуі үшін шайды 10-15 минутқа қалдырыңыз.
5. Одан кейін іше беруге болады.
6. Марокко шайы дайын.