Бәріміз сүйіп жейтін итальяндық Маргарита пиццасының тарихы қандай екен?
Аңызға сенсек, 1889 жылы Умберто Бірінші деген итальяндық патшаның жан жолдасы Маргарита Савойская өзінің Неаполь маңындағы жазғы сарайында болғанда, сол кезде танымалдыққа ие бола бастаған кедейлер тағамы пиццаны жегісі келген. Сарайдағы аспаз итальян, француз тағамдарының шебері болса да, Шығыс Италияның ең танымал тағамы - пиццаны даярлай алмаған. Сондықтан ол тез арада Рафаэло Еспозито деген неаполитандық пиццерияның шебер аспазын жеткізіп әкелуге бұйырды. Сол кездегі ең дәмді пицца даярлайтын пиццерияның аспазы дереу 3 пицца дайындады. Оның екеуі - дәстүрлі, ал біреуі - ерекше, сол жерде ойлап табылған мәзір еді. Жаңа пицца қызыл қызанақ, жасыл базилик пен ақ моцарелла ірімшігінен әзірленген. Бұл түстер итальяндық жалаудың түстеріне сәйкес еді. Әрине патшайымға осы пицца қатты ұнады. Артынан іскер Еспозито өзінің патриоттық пиццасының атын патшайымға арнап Маргарита деп қойды.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: forum.vgd.ru, evrostar.ru