Лондондағы ұшатын табақтар

"YO! Sushi" суши-мейрамханасы өз қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету мақсатында "ұшатын табақтардың" сынақтық үлгісін жасап шығарып отыр.

Адам жүрісін алты есе басып озатын (40 км/сағ. жылдамдық) мини-ұшақ түріндегі бірқилы қондырғы төрт роторлы жеңіл көміртек талшықтарынан тұрады.

Лондондықтар "iTray" деп атау қойып отырған табақ iPad-тың көмегімен басқарылады. Мейрамхана қызметкерлері қажетті және керек тұсқа тапсырысты жеткізу үшін бағыт белгілесе болғаны. Сонымен, ендігі таңда қызметшінің бар қызметі тапсырысты жеткізуден гөрі ұшақты басқарудан тұратын болады.

Габриэлла Мику, "YO! Sushi" суши-мейрамханасының даяшысы:

"Бізге келетін қонақтар үшін таптырмас қызықтың көкесі. Ертеңгі күні асханада ортасында тұрып-ақ қонақтарға қызмет етуге болады. Ендігі жылы Британияның 64 мейрамханасында дәл осы бастама қолғалы алынбақ екен... Бізге келген қонақтардың таңырқанысын көрсеңіз. Ұшақпен ас жеткізгенді бұрын-соңды қайдан көріп едіңіз".

Бір айта кетерлігі, "YO! Sushi" мейрамханасы бұдан өзге де бастамалармен аты шығып келіпті. Мәселен, сусыны бар сөйлетін арбалар (тура мағынасында) мен асты қолдан қолға үзбей беріп тұратын конвейерлік жүйелер.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/y9RKXO1rr7g","width":"450","height":"240"});

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Cурет:1novosti.blogspot.com