Ұлыбританияда HarperCollins баспа үйі және MediaCom агенттігі бірлесіп The Bosh атты аспаздық өнімдерді дайындайтын жарнама компаниясын жарыққа шығарды. Өнімге деген сұранысты арттыру үшін мамандар маркетингтік үздік тәсілді қолданған. Қаладағы бірнеше метро аялдамаларына кітаптағы астың суретін іліп, сәйкесінше сол тағамның исін де аңқытып қойған. Бұл тәсіл қазіргі уақытқа дейін Лондон көшелерінде, жер асты аялдамаларында жүзеге асып жатыр. The Bosh кітабы осы жылдың 19 сәуірінде басылып шықты. Nielsen BookScan компаниясының зерттеуі бойынша, ол жыл әлі бітпесе де 2018 жылдың ең көп сатылған аспаздық кітабы болып тіркеліпті.Кітаптың авторлары Иан Тэсби мен Генри Фирт.