- Негізгі бет
- Аспаздық
- Лимон мен лаймның...
Лимон мен лаймның айырмашылығы неде?
Қазақстанда экзотикалық жеміс-жидек өспегендіктен кейбіреуіміз олар туралы тіпті естімеген де болармыз. Алайда дәруменге толы экзотикалық жемістер шетелде аса жоғары сұранысқа ие. Біреулер лаймды білсе, біреу білмес. Кейбіреуіміз оны лимонмен жиі шатастырып та жатамыз. Бірақ та олардың сырт пішіні ұқсас келгенімен, айырмашылықтары жер мен көктей.
Лимон мен лайм цитрусты жеміске жатады. Ол екеуінің құрамында үлкен көлемде аскарбин қышқылы бар. Олар тағам мен сусын әзірлеген кезде жиі пайдаланылады. Лимон 8 метр биіктікке дейін өссе, лайм екі метрден жоғары өспейді. Лимонның жемісі домалақ, майда, сары түстес болып келеді және мәйегі жылтыр, сарғыш болса, лайм үнемі жасыл түсті. Лайм лимоннан әлдеқайда қышқылырақ, өйткені онда лимоннан гөрі бірнеше есе аскарбин қышқылы бар. Оны балғын түрінде жеу тіпті мүмкін емес. Тек термоөңдеуден өткеннен соң барып (лайм құрамындағы 60% дәруменін жоғалтады) қана жей аласыз. Лаймның қабығы нәзік болғандықтан, сақтау мерзімі ары кетсе екі аптаға шыдайды. Ал лимонды тоңазытқышта бірнеше ай бойы сақтауға болады.
Н. Нұрмаханұлы