А дәрумені көздің жақсы көруіне, жүрек ауруларының алдын алуға және иммунды жүйені жақсартуға көмектеседі. Жүкті әйелдерге А дәрумені көп мөлшерде қажет, себебі ол баланың өсуіне керек.А дәруменін азық-түліктерден аламыз. Қызыл бұрышҚызыл бұрыш А дәруменінің керемет көзі. Жарты кесе қызыл бұрышта А дәруменінің жарты тәуліктік мөлшері бар. Саумалдық (шпинат)А дәруменінің екі түрі бар. Біріншісі А дәруменінің дайын түрі. Ол етте, балықта, құста және сүтті тағамдарда болады. Ол ағзаға қолданысқа дайын күйінде барады. Екіншісі, А провитамині, саумалдық секілді кей жемістер мен көкөністер арқылы келеді. Провитамин дәруменге жатпайды, алайда ол ағзада дәруменге айналады. Сиыр бауырыСиыр бауырында А дәрумені көп. Ол иммунды жүйені ынталандырады және ағзаны жұқпадан қорғайтын жасушалардың дұрыс жұмыс істеуін реттейді. Сонымен қатар, бұл дәрумен ағза қатермен күресуі үшін қарсы дене шығарады. БалмұздақБалмұздақта да А дәруменінің мөлшері көп. 1 кесе балмұздақтағы А дәруменінің мөлшері 20 құты тунецпен бірдей. Асқабақ бәлішіА дәрумені жүрек және бүйрек жұмысын қалыпта ұстап тұрады. Сондықтан да десертке асқабақ бәлішінің тілімін жеген жөн. Оның құрамында бета-каротин мен антиоксиданттар көп, олар ағзада А дәруменіне айналады. СәбізА дәрумені көзге пайдалы. А дәрумені жетіспейтін адамдардың көруі бұлыңғырлана бастауы мүмкін. Жарты кесе шикі сәбіздің өзінде А дәруменінің тәуліктік мөлшері бар.