- Негізгі бет
- Аспаздық
- Қыста А дәруменін...
Қыста А дәруменін қайдан аламыз?
А дәрумені көздің жақсы көруіне, жүрек ауруларының алдын алуға және иммунды жүйені жақсартуға көмектеседі. Жүкті әйелдерге А дәрумені көп мөлшерде қажет, себебі ол баланың өсуіне керек. А дәруменін азық-түліктерден аламыз.
Қызыл бұрыш
Қызыл бұрыш – А дәруменінің керемет көзі. Жарты кесе қызыл бұрышта А дәруменінің жарты тәуліктік мөлшері бар.
Саумалдық (шпинат)
А дәруменінің екі түрі бар. Біріншісі – А дәруменінің дайын түрі. Ол етте, балықта, құста және сүтті тағамдарда болады. Ол ағзаға қолданысқа дайын күйінде барады. Екіншісі, А провитамині, саумалдық секілді кей жемістер мен көкөністер арқылы келеді. Провитамин дәруменге жатпайды, алайда ол ағзада дәруменге айналады.
Сиыр бауыры
Сиыр бауырында А дәрумені көп. Ол иммунды жүйені ынталандырады және ағзаны жұқпадан қорғайтын жасушалардың дұрыс жұмыс істеуін реттейді. Сонымен қатар, бұл дәрумен ағза қатермен күресуі үшін қарсы дене шығарады.
Балмұздақ
Балмұздақта да А дәруменінің мөлшері көп. 1 кесе балмұздақтағы А дәруменінің мөлшері 20 құты тунецпен бірдей.
Асқабақ бәліші
А дәрумені жүрек және бүйрек жұмысын қалыпта ұстап тұрады. Сондықтан да десертке асқабақ бәлішінің тілімін жеген жөн. Оның құрамында бета-каротин мен антиоксиданттар көп, олар ағзада А дәруменіне айналады.
Сәбіз
А дәрумені көзге пайдалы. А дәрумені жетіспейтін адамдардың көруі бұлыңғырлана бастауы мүмкін. Жарты кесе шикі сәбіздің өзінде А дәруменінің тәуліктік мөлшері бар.